Атырау облыстық нотариаттық палатасы

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Біздің мамандық өкілдерінің 74% – дан астамы асыл жанды арулар. Сіздерге азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша зор жауапкершілік артылып отыр. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, табандылық пен қызметте көрсететін адал қасиеттеріңіз қоғамның нотариат институтына деген сенімін қалыптастырады.
Сонымен қатар сіздер күн сайын басқа да маңызды миссияны орындайсыздар: отбасыларыңызға қамқор боласыздар, ұлағатты ұрпақ тәрбиелейсіздер, ата-аналарыңызға қолдау көрсетіп, үлкен үйдің берекесі мен тыныштығын сақтап жүресіздер. Нәзік жанды бола отырып, заңның қатаң талаптарын мүлтіксіз орындау сіздердің қолдарыңыздан ғана келетін дүние.
8 наурыз мерекесі Сіздер үшін жұмыс пен үй шаруасынан демалып, өзіңізге уақыт бөліп, жақындарыңыздың мейіріміне бөленіп, ризашылығы мен құрметін сезінетін күн болсын.
Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, ертеңгі күнге деген сенімділік пен жанұяларыңызға амандық және жаңа жетістіктерге шабыт тілеймін!