Атырау облыстық нотариаттық палатасы

     Атырау облысы аумақтық палатасының жарғысына сәйкес және ҚР «Нотариат туралы» Заңын басшылыққа алып, талаптарды  орындау мақсатында жылдың қорытындысын облыс нотариустарының алдында жыл сайын есеп берілуі көзделген, сондықтан палатаның жұмысы бойынша берілетін есепті бүгінгі жиналысымыздың күн тәртібіне енгізіліп, бекіту арқылы сіздердің алдарыңызда 2025 жылы жасалынған палата жұмысы бойынша мәліметті қатерлеріңізге беруді ұйғардық.  

        Атырау аумақтық нотариаттық палатасы қазіргі заман талабына сай қызметін атқарып отырғаны бәрімізге мәлім, барлық қызмет көрсетіп отырған әріптестеріміз жергілікті халыққа нотариалдық заң көмегін көрсетуде, заңнамалардың нормаларын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының талаптарын сақтап, тиісінше орындап отыр деп қорытынды жасауға болады.                                     

  Қазақстан Республикасындағы  НОТАРИАТ  саласы –  құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ нотариалдық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін

қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі деп еліміздің заңында атап көрсетілген, сондықтан кез келген нотариаттық іс-әрекет салалық және арнайы заң нормаларымен реттелетін өзіндік ерекшелігі бар күрделі заңи процесс болып табылады.

       Бүгінгі таңда нотариалдық қызметті дамытуда, нотариат жүйесін реттеу мәселелері жөнінде және нотариатты одан әрі дамытуға бағытталған  көптен-көп нормативті-құқықтық актілер  жасалынып,  бірнеше толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп  қазірге заң талабына сай нотариустармен қызмет атқарылып жатырғаны бәрімізге мәлім.

       Еліміздің бүкіл нотариалдық қауымдастығы халыққа нотариалдық заң көмегін көрсетуде заңнамалардың нормаларын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының талаптарын сақтауға, тиісінші орындауға міндетті.

       Осындай талаптардың тиісінше орындалуын қадағалау жергілікті Әділет органдары мен Аумақтық нотариаттық палатаға жүктелген.    

       Атырау нотариаттық палатасы облыс жекеше нотариустарына жалпы басшылық жасап, олардың қызметін үйлестіруде, нотариаттық істі дамытуда көмек көрсетіп, нотариаттық іс-әрекеттерді куәландырылып жасақталуында заң талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырып отырады.

       Есепті кезеңде, яғни 2025 жылы облыс бойынша жалпы – 131 жеке нотариус  /2024-127/ жеке нотариус палата мүшелігінде болып, нақты нотариаттық іс-әрекеттер жасақтаған, 2024 жылмен салыстырғанда биыл 4 жеке нотариуске көбейдік, оның ішінде қалада – 108  жеке нотариус, ал аудан орталықтарында – 23 жеке нотариус нотариаттық қызмет көрсетіп, халықтың және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғап жұмыс атқарып жатыр.

       Есеп беру жылында облыс нотариустарымен 2025 жылы – 395 288, 2024 жылы /372 737/   нотариаттық іс-әрекет куәландырылған.  2024 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда – 22 551 нотариалдық іс әрекетке көбірек куәландырылған. Ол енді қазіргі кезде Атқарушылық жазбаның көбеюімен байланысты деп санаймыз, себебі биыл облыс нотариустарымен- 73 777 -Атқарушылық жазба куәландырылған,  нотариалдық іс әрекетердің ішіндегі ең көп көрсеткішті құрайды.

    Осы нотариалдық іс әрекеттер жасақтау барысында  облыс  жеке нотариустарымен 10% салық түрінде мемлекеттік бюджет қорына-барлығы – 2024 жылы /228 495 693/ тенге аударылған болса, биыл  263 222 023 тенгені  құрайды.

    Құжаттарды Нотариалдық  куәландыру мақсатында азаматтардан мемлекеттік баж салығы бойынша 961 826 848 тенге,  былтыр  /897 336 726/ тенге,   қосымша төлем ақысы бойынша – былтыр /1 296 154 693/ тенге болса, биыл  1 673 179 700 тенге өндірілген.  Барлығы облыс нотариустарымен нотариалдық іс -әрекеттер жасақтау барысында халықтан 2 635 006 549 тенге өндірілген.

   Облыс бойынша есептен көрінгені және бұл жерде жылда да айтамыз, ол Нотариалдық іс әрекеттердің мемлекеттік тілде жасақталу көрсеткішінің төмендігі. Есепті кезеңде орыс тілінде- 263496  – құжат жасақталса, қазақ тілінде не бары-93699- құжат жасақталған, яғни   тек 26.2  пайызды ғана құрайтын құжаттар жасақталған, былтыр /28.2%/ болса, былтырғыдан 2% түсіп кеткенбіз. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту, мемлекеттік тілде құжаттар жасау  керектігіне мемлекетіміз тарапынан өте көп көңіл бөлінуде, сондықтан біздің сала бойынша да бұл талаптардың орындалуы қадағаланады, сондықтан біздер бұл талапты орындауға тиіспіз, мемлекеттік тілде құжаттарды жасақтауды көбейтуге тырысу керек деп санаймын.

    Нотариалдық палатамен есептік жылда -3 жалпы жиналыс, 12 -басқарма мәжілістері өткізілді. Жалпы жиналыста палатаның жылдық қорытынды есебі, тексеріс, тәртіптік комиссияларының есебі тыңдалып, кіріс-шығыс сметалары, қаралды. Басқарма мәжілістерінде Палата жанындағы мұрағат қорының қорытынды жұмыс есебі, нотариустарды оқыту семинарларын, біліктілікті арттыру курстарын және жиналыс отырыстарын өткізуге дайындық жұмыстары, Палата мүшелігіне жаңа нотариустарды қабылдау, мүшеліктен шығару, тағылымдамадан өтушілердің арыздары, тағылымдама қорытындыларын тыңдау және  бекітілу жұмыстары, басқа да ұйымдастыру іс шаралары қарастырылды.

   Есептік кезеңде Нотариустармен Заң талаптарының тиісінше орындалуын тексеру мақсатында ҚР Әділет Министрінің және ҚР Ұлттық экономика Министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттары» негізінде 2025 жылда облыс нотариустарына тексеріс болған жоқ.

     Мониторинг бойынша есептік кезеңде округ бойынша 1 жекеше нотариустың мемелекеттік лицензиясы  науқастануына байланысты арызы негізінде ҚР Нотариат туралы заңының 12 бабына сәйкес уақытша  тоқтатылды, ал 1 жекеше  нотариустың мемлекеттік лицензиясы қайтыс болуына байланысты толықтай күші тоқтатылды.

Ал ұсыныстар, жеке ұйғарымдарға келетін болсақ  биылдыққа 1 жеке ұйғарым, былтыр 2 жеке ұйғарым болған.

      Есепті жылда облыс нотариустарына қатысты азаматтардан – 13  шағым арыз, 2024 жылы 12 шағым болған.  Бұл шағым арыздар, ұйғарымдар және тексеріс қорытындылары бойынша мәліметті  Тәртіптік комиссия өз есебінде толықтай беретін болады, сондықтан нақты оған тоқтамаймын,  басқа тергеу органдарынан нотариустерге қатысты ұсыныстар, Палата жанынан жасақталатын мониторинг бойынша округ нотариустеріне қатысты қозғалған Қылмыстық істер, Әкімшілік жауапкершілікке тартылған, Сақтандыру шарттарын, Палата жарғысының, Палата мүшелік талаптарын, Әдеп Кодексін бұзу фактілері есептік жылда болмағанын қатерінізге беремін.

     Есептік кезеңде Атырау нотариаттық палатасына тағылымдамадан өту үшін – 30   тұлғадан арыз қабылданды. Тағылымдамадан өту мерзімі 2024 жылы басталып, 2025 жылы толықтай аяқталған тағылымгер саны-12,  биылға 30 тағылымгер облыс нотариустерінен қазіргі кезде тағылымдамадан әлі өтуде. Тағылымдамадан өтушілерге заң бойынша палатаның ұйымдастырумен олардың тәжірибелі нотариустардан тағылымдамадан өтулеріне, практика жүзінде жоғары деңгейде дәрістер алуларына нотариаттық палата жанынан көңіл бөлініп, қорытындылары уақытымен бекітіліп отырады. 

     Есептік жылы Атырау нотариаттық палатасы, Қазақстан Әділет Министрлігінің, Республикалық Нотариаттық палатасының және жергілікті Атырау облысы Әділет Департаментінің жоспарлары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға облыс нотариустары белсене қатынасты.

   Шаралар негізінде өзекті мәселелердің уақытында шешіліп, болашақта халықтың қазіргі заман талабына сай мүмкіншіліктерді пайдалану мақсатында палата мен облыс нотариустарының тарапынан тегін кеңес беру жұмыстары, сонымен қатар Заңнамаларға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер бойынша «Бюллетень нотариуса» журналында,  көрсетіліп жатқан нотариаттық қызметтері жөнінде жергілікті бұқаралық ақпарат газет беттерінде мақалалар шығару ұйымдастырылып және жергілікті  «Каспий Ньюс» теледидар арнасының тікелей эфирлерінде шығу арқылы халыққа заң көмегін көрсету жұмыстары, яғни Мұраға құқық туралы куәлік беру, Келісім шарттарды жасақтау тәртібі, Атқарушылық жазбаларды куәландыру тәртібі, Нотариалдық іс-әрекеттерді жаса ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары атқарылды, сонымен қатар облыс нотариустары құқықтық реформаларды қалыптастыру мақсатында облыс бойынша құрылған Ақпаратты-насихаттау тобымен бірге халық арасында кеңестер, түсіндірмелер беріп, халыққа заңнамаларды  айтып-түсіндіру мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығында, басқа да жергілікті қоғамдық орталықтарында «Өз құқығыңды қорға» акцияларына,  Ата заң күні, Әділет органдары күні мейрамдары қарсаңында, басқа да жоспар бойынша ұйымдастырылған «Адалдық алаңы», «Ашық есік», «Әділет кеңес береді» акцияларына, Инстаграмм, Фейсбук желісінде, ZООМ платформасы арқылы ұйымдастырылған шараларға да  белсене қатынасып, халыққа онлайн түрінде кеңес беруде де  әріптестеріміз үлкен жауапкершіліктер танытты.

Атырау облысының нотариаттық

Палата төрайымы Масатова Г.Д.