Атырау облыстық нотариаттық палатасы

Нотариаттың конституциялық кепілдіктері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды

Астанада Республикалық нотариаттық палата ұйымдастырған «Қазіргі қоғамдағы нотариат: конституциялық кепілдіктер мен уақыттың сын-тегеуріндері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әзімова, Жоғарғы соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева, […]